Жанр: спектакль-концерт
Инценировкасын жасаған: Ж.Жұманбай
Режиссері: Ж. Жұманбай
«Шәмші» қойылымы ән өнерінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Қойылымның бағыты: спектакль-концерт жанрында өтеді. Ұлы композитор әндерінің шығу тарихына баса назар аударылып, қазақ вальсінің королі Шәмшінің жалпы ән өнеріндегі тұлғасы жаңаша форматта сахналанады. Қойылымдағы әр әнге арнайы би қойылып, музыкалық үлкен туындыға айналмақ. Бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші туындылары қазақ өнерінің өшпейтін алтын қазынасы. Жалпы аталған жаңа спектакль орта және үлкен буын көрермендерге арналған. Шәмші рухына деген тағзым, құрмет, ән құдіреті келешек ұрпаққа осындай сахналық қойылымдар арқылы насихаттала бермек!
071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая
Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14