Қоюшы режиссері: Әлімбек Оразбеков (ҚР еңбек сіңірген қайраткері)
Суретші: О. Муравьева
Музыкамен көркемдеуші: А. Оразбеков
«Бір түп алма ағашы» спектаклі психологиялық параллелизм құрылған шығарма. Бір жанұяның басынан өткен тағдыр суреттеледі. Өмір құбылыстары мен қиындықтарына толы драма. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы қайшы пікірлер, адамдар арасындағы ала ауыздық, ағайынды жандардың берекесінің ыдырауы шығармаға арқау болады.
Үлкен бір отбасының ұйтқысы Дәметкен деген ананың басынан өткен сан қилы тағдыр. Ұл-қыздарының бір шаңырақтың астына жиналып, мәмілеге келе алмай, қоғамдағы жауыр болған проблемаға шырмалуы, ар мен ұят алдындағы абыройдың құнсыздануы көрініс береді. Спектакльдің идеясы береке мен бірлікке, адалдық пен адамдыққа үндейді. Жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиреніп жүруді үлгі етеді. Кез-келген қоғамдық, отбасылық мәселелер оң шешімін тауып, дер кезінде ақиқат ақталатын болса трагедияға жол жоқ екенін аңғартады.
071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая
Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14