Келу ережелері
Театрға бару – толқыныс қана емес, жіті дайындық.
Сіздің театрға келгендегі көңіл-күйіңізді оқыс оқиғалар бұзбас үшін бірнеше ережені біліп алыңыз.
- Театрға алдын ала келу керек.
- Билеттерді сатып алмас бұрын, залдың жоспарын зерттеп, лайықты орындарды таңдаңыз.
- Еркін таңдау мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ орныңыз сахнадан қашық болса, өзіңізбен театр биноклін алыңыз.
- Өзіңізді нашар сезінсеңіз, жөтеліңізбен немесе тұмауыңызбен жұртты алаңдатпау үшін денсаулығыңызды күтіп, үйде қалғаныңыз жөн.
- Спектакльдің басталуы билетіңізде көрсетілген. Кешкі спектакльдерге 15 жасқа толмаған балалардың кіруіне болмайды.
- Театрдың ғимаратына келушілерді кіргізу спектакльдің басталуына дейін бір сағат бұрын басталады.
- Қауіпсіздік қызметі сіздің қауіпсіздігіңіз үшін сізден сөмкеңізді ашып көрсетуді сұрауға құқылы просить. Театрға қару, кез келген өткір және кескіш заттарды, сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді әкелуге тыйым салынады.
- Бізге қарбалас сәтте (немесе жұмыста кешігіп қалуыңыз мүмкін), жол тартатыныңызды түсінеміз, бірақ көрермендер залына үшінші қоңыраудан кейін кіруге тыйым салынады.
- Көрермендер залына сырт киіммен және бас киіммен кіруге болмайды. Ірі қол жүгін, түйіншектерді, пакеттерді, рюкзактарды гардеробта қалдыруңызды сұраймыз.
- Көрермендер залына сусындар және тағам алып кіруге рұқсат етілмейді.
- Залдан өтіп, орныңызға отыру үшін уақыт қорыңыз болуы керек.
- Орныңыз бос болмаса, залдағы кезекші әкімшіге жүгініңіз.
- Спектакль аяқталғанша ұялы телефондарыңыз бен басқа да байланыс құралдарын уақытша өшіріп қойыңыз. Спектакль барысында фото- және бейнеаппаратураны қолдануға рұқсат жоқ.
- Антрактіде залда қалуыңызға немесе шығуыңызға болады. Егер пьеса Сізге ұнамаса, антрактіде кетіп қалуыңызға болады.
- Актерлер сахнадан кеткенде ғана залдан шығу керек.
- Әртіске сыйлықтар әкелсеңіз, оны кезекші әкімшіден алдын ала беріп жіберіңіз.
- Сонымен қатар, кейбір спектакльдерге жас шамасына байланысты шектеулердің қойылғанын есіңізде сақтаңыз.
- Үй жануарларын сүюшілерден театрға барған кезде досыңызды (өте кішкентай болсада) алдын ала сенімді қолға тапсыра тұруыңызды сұраймыз. Театрға жануарлармен кіруге тыйым салынған.
- Театрда темекі тартуға қатаң тыйым салынған!
Осы ұсыныстарды орындасаңыз, Сіз өзіңіздің театр өнерін еш қиындықсыз тамашалап қайтасыз.