Әдеп
Мәдени мекемеде болу әдепке ерекше кінәмшіл қаруды қажет етеді.
Мұндай қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрысқа қойылатын негізгі талап – адамдардың демалысына кедергі келтірмеу, актерлердің, музыканттардың ойынын, театр спектаклі сюжетінің шешуші кезеңдерін қарау.
- Асықпай шешініп, өзіңді қалыпқа келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып жайғасып отыруға уақыт болу үшін театрге спектакль басталғанға дейін 15-20 минут бұрын, алдын ала келген жөн. Соңғы минутта кешігіп келген адам өз орнында отырған адамдарға кедергі келтіреді. Әрине, әйтеуір біреу соңында келеді, бірақ оның сіз болмауыңыз үшін тырысуыңыз керек.
- Фойеге кіргенде ерлер бас киімін шешеді, ал шығарда оны есіктің қасына жеткенде киеді. Гардеробта бірге ертіп келген серігіне пәлтесін немесе плащын шешуге көмектескен соң ғана өзі шешінеді.
- Анатомиялық тұрғыдан өз орныңызға отырған адамдарға арқаңызды қаратып, өткен табиғи, өйткені осылай олардың тізелеріне соқтықпай өткен оңай, бірақ отырғандарға бетіңізді қаратып өткен сыпайырақ болады. Сыпайылық әрдайым ыңғайлылықпен толық сәйкес келе бермейді. Мазалағаныңыз үшін кешірім сұрағаныңыз артық болмайды.
- Әйел бірінші өтеді, бірақ ол ер адамның сол жағында болатын болса, онда ол өз орнына жеткен соң, оған отыра қалмай, серігінің оң жағындағы орынға барып жайғасады. Ер адам серігі отыруы тиіс арқасы шалқаймалы орындықты ұстап тұрғаны жақсы.
- Әйелдің киімін шляпа толықтырып тұрса, өзінің артында отырғандардан бас киімінің кедергі келтірмейтінін сұрауы тиіс. Егер олар: «Ия, аздап», – деп жауап берсе, бас киіміңізді шешкеніңіз жөн. Егер ол сұрауды ұмытып кетсе, оның артында отырған кісінің одан сыпайы түрде шляпасын шешуін сұрауға болады. Ондай өтінішті сөзсіз орындау керек. Әйел бас киімін шешкен соң, артта отырған кісі оған рахмет айтады. Кейде әйелдің шаш үлгілері де ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, оның үстіне оның басындағы құрылысты шешу де мүмкін емес. Сондықтан, театрға барарда әйел адам осындай жайттарды ескеруі тиіс.
- Көрермендер залына екі жұп отырса, әйелдер ортада, ерлер олардың екі жағында отырады. Ложанын алдында әйелдер, ал олардын артында ерлер отырады. Бірақ ложадан көрініс, әсіресе артқы қатардағы көрермендерге онша жақсы көрінбейтіндіктен, әйелдер ерлер сахнаны көре алатындай отыруы тиіс.
- Егер театрда танысыңызды кездестіріп, бірге отырғыңыз келсе, онда жаныңыздағы көршіңізден орын ауыстыруды ұсынуға болады, бірақ ол орын тең бағалы немесе жақсырақ болуы керек.
- Ғашықтарға театрда бастарын бір-біріне тигізіп отыруға болмайды – бұл артта отырғандарға спектакльді көруге кедергі келтіреді. Аймаласып отыруға болмайды: айналаңыздағы адамдарды бірден сахна мен көрермендер залында болып жатқан екі көріністің куәгері жасаудың қажеті жоқ.
- Театрға әйелмен келген ердің міндетіне бағдарламаны сатып алып, оны серігіне ұсыну кіреді. Егер оны спектакльдің алдында жасап үлгермесеңіз, бағдарламаны қасыңызда отырған көршіңізден біраз уақытқа сұрап көруге болады (бағдарламаның иесі оны оқып болғаннан кейін сұраған жөн).
- Бұрын ерлер әйелдерге кәмпит сатып әперетін, енді ол дәстүрді орындарыңыз бөлек, ложада болса ғана жалғастыруға болады. Негізі көрермендер залына оралған немесе қораптағы кәмпитті мүлде әкелмеген дұрыс: антракт кезінде серігіңізге буфеттен бірдеңе алып беруге әрдайым мүмкіндіңіз бар. Әйел театрға барарда әтірді үстіне көп сеппеуі тиіс. Қасында иістерге сезімтал адамдар болуы мүмкін.
- Егер тұмауратқан адам театрға бармақшы болса, онда театрда жөтелмеу үшін алдын ала үйінде дәрі ішіп алуы тиіс, біреуін спектакль кезінде өзімен ала барған жөн. Қатты жөтел көрермендерге ғана емес, актерлерге де кедергі келтіреді.
- Спектакль барысында дауыстап ешқандай пікір білдірудің немесе ескерту жасаудың қажеті жоқ. Антракт кезінде әңгімелесуге болады, бірақ ол кезде де қатты сөйлемеген жөн.
- Көрініс аяқталғаннан кейін «бис» деп айғайламаңыз. «Бис» деп концертте, арияны немесе биді қайталауға болатын жағдайда айғайлайды. «Бис» дегеніміз әртістерге көрсеткенін қайталауларын өтіну.
- Бинокльді пайдаланатындар, оның көрерменге залда отырған адамдарды бақылау үшін емес, сахнаны жақсырақ көру үшін керектігін ұмытпаулары керек.
- Көрініс аяқталып, актерлер бас ию үшін көрермендерге шықпайынша, көрермендер залынан гардеробқа баруға ешқашан асықпаңыз. Нашар спектакльден кейін шаттанып қол соғуға міндетті емессіз; бірақ біз қонақтан шыққанда үй иесімен қашанда қоштасамыз ғой?