Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

«Жила-была Сыроежка»

Жанр: сказка
Автор: Валерий Зимин
Режиссер-постановщик: Анна Юдина
Художник-постановщик: Виктор Шмидт
Художник по костюмам: Наталия Ерчихина
Музыкальное оформление: Андрей Глушков

Валерий Зиминнің «Баяғыда Сазқатпа деген болыпты....» атты ертегісі бойынша қойылған спектакль – нағыз шым-шытырық шырғалаңдарға толы орман оқиғасы! Қызықтығы соншалық, оның балаларды ғана емес, олармен бірге келген ересектерді де елітіп әкетері сөзсіз!

Жауыз Шыбынжұт (Мухомор) өзінің Арамқұлақ (Поганка) тәрізді саңырауқұлақ достарымен бірге күн сәулесі аймалаған алаңқайда жайқала өсіп тұрған, жеуге жарамды, мейірімді де көңілді саңырауқұлақтардан құтылуды ойластырады. Сөйтіп, орманда өскен бүкіл жеміс-жидек, өсімдік атаулыға қауіп төнеді! Бұл қас жауларға қарсы батыл жүрек Сазқатпа мен оның айнымас достары – Оқжаңбырық (Боровик), қызғылт сары Арыш (Рыжик) пен Майкөмбелер (Маслята) тобы кесе-көлденең тұрады.

Өмірдегі ең басты құндылық – достық, таза пейіл, жауапкершілік пен батылдық екеніне спектакльдің жас көрермендерінің тағы да бір рет көздері жетеді.

 

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar