1937 жылы Семей қаласында Мирзоян атындағы әуесқой жұмысшы жастар театрының «шекпенінен шығып», А.В.Луначарский атауын алып, кәсіби орыс театры құрылды. Ал 1975 жылы оған Федор Достоевский есімі берілді және сол атаумен ұжым Халықаралық, Бүкілодақтық және Республикалық фестивальдердің бірнеше рет лауреаты атанды.
Театр ұжымының 80 жылға жуық тарихында бірнеше актерлер ұрпағы ауысты. Осы сахнада Қазақстанның халық әртісі Тина Загвоздкина және Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Станислав Попов, Герберт Кристель, Николай Батурин, Николай Минин, Светлана Забелкина, Сергей Кутьмин және т.б. әртістер жарқырады.
Көрермендердің сүйіктісіне айналған кезіндегі жас актерлар, театр жанындағы студия және театрлық оқу орындарының түлектері ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Людмила Короткова, Федор Любецкий, әртістер Галина Герт, Ирина Березина, Елена Владимировна, Елена Дручинина, Андрей Глушков, Валентина Инешина, Елена Калиткина, Артур Кизилов, Анастасия Малицкая, Вячеслав Макеев, Сергей Назиров, Татьяна Осина, Александр Сухов, Дарья Чувакина, Игорь Шевцов, Виктория Щеголева, Анна Юдина, Ксения Карельская, Дмитрий Асланов,Зарина Моисеева және т.б.
Труппа ойнын әлемнің түкпір-түкпіріндегі - Бішкек, Волгоград, Мәскеу, Барнаул, Кишинев және Қазақстан қалаларының театралдары бағалай білді. Бүгінгі күнде театр Халықаралық, Республикалық фестивалдердін лауреаты болып табылады.
Ұжымның соңғы жылдардағы жарқын жетістіктерінің бірі –Алматы қаласындағы Республикалық театралдық фестивальде алған «Ең үздік ер адам рөлі» дипломы. Марапатты Федор Любецкиға тапсырды. Павлодар, Өскемен, Оралда өткен Республикалық фестивальдерде Мольердің «Еріксізден болған емші», А.Батуринойдің «Фронтовичка», А.П.Чеховтың «Өтініп сұраймын» спектакльдеріндегі театр әртістері Елена Дручинина, Александр Сухов, Артур Кизиловтар «Әйел және еркек рөлі» номинацияларында үздік болды. Біздің ұжым РФ мәдениет министрлігінің, РФ театр қайраткерлерінің Одағы және «Роскосмос» корпорациясының шақыруымен халықаралық «Театральный АтомГрад» фестиваліне қатысты. Танымал қазылар алқасы труппаның шығармашылығын жоғары бағалап, бірден үш номинациямен - Елена Дручининаны ең үздік әйел рөлі, Александр Суховты ең үздік екінші деңгейлі рөлі және Юлии Аугты (Мәскеу) ең үздік режиссерлігі үшін марапаттады. Ал бүкіл ұжымға «Адам бейнесіндені театр» деген мінездеме берді.
Театр 2014 жылдын көктемінде Саранскте өткен «Отандастар» орыс драма театырының жыл сайынғы өтетін IХ халықаралық фестивалінің сахнасында «Вероника» спектакілін таныстырып, сол жақтан лауреат Дипломын әкелді.
Абай атындағы Қазақ музыкалық драма театрымен бірлесіп қойылған Дулат Исабековтың «Құс бақыты» лирикалық драмасы сәтті қадам болды. Қойылым көрермендер арасында жетістікке ие болды.
2014-2015 жылдардағы келесі театрлық маусымда да екі театрдың ынтымақтастығы жалғасып, үлкен табыспен өткені таңқалардық емес! «Сыбырлап оқылған монолог» атты премьерасы Семейдің ғана емес, Республиканың мәдени өмірінде маңызды шара болды. Театр ұжымы және де басшысы атына қызықты және актуалды қойылымы үшін Мәдениет және спорт министірлігі мен Гумилев атындағы Евразиялық университетінің ректоры, шығарма авторы Е.Сыдықовтан алғыс білдірген хаттар келді.
2016-2017 жылдардағы маусымы біздің театр үшін Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысы күндері аясында облысымыздың мәдениетін көрсету құрметіне ие болғанымызбен тарихқа енді. Елордалық "Жастар" театры сахнасында ұлы жазушының Семей қаласында қызмет еткен кезінде жазылған «Ағайдың түсі» шығармасы бойынша қойылым тұсаукесері ұсынылды.
Ұжым қойылымды Фёдор Достоевскийдің 195 жылдығына арнады. Бірақ трагикомедияның қоюшысы, Мәскеулік «Современник» театрының режиссері Олег Плаксин жарты ғасыр бұрынғы тарихты жаңарту арқылы акцентті шебер қоя білді. Астана көрермендері алдындағы табысы – осының дәлелі болып табылады.
Одан кейін Достоевский атындағы орыс драмалық театры ЭКСПО-2017 көрмесінде болып, ШҚО мәдениетін бүкіләлемдік көрме қонақтары алдында Санкт-Петербургтен келген режиссер Игорь Селиннің Элеонора Портердің "Поллианна" бестселлер-романы бойынша қойылған "Бүкіл отбасына арналған спектаклі" қойылымымен лайықты көрсете білді.
Әрбір жаңа маусым театрдың репертуарын толықтырады, ұжым көрермендермен әрбір кездесуін тағатсыз күте отырып үнемі жаңа формалар мен идеяларды іздейді, демек, алда жаңа дайындықтар, спектакльдер, сапарлар, гастрольдер және тұсаукесерлер!
071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы
Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14