Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

«Сиротливый запад»

Жанр: комедия
Автор: Мартин МакДонах
Режиссер-постановщик: Рача Махатаев
Художник-постановщик: Ильшат Вильданов

Мартин МакДонахтың «Сиротливый запад» пьесасы ағайынды екеудің, бір қыз бен дін қызметшісінің тарихын баяндайды. Уақиғаның өткен жері ретінде Ирландияның бір провинциалдық қаласы көрсетілгенімен, бұндай жағдай әлемнің кез келген түкпірінде орын алуы мүмкін, және де сағат сайын орын алып отыр да.

Қоюшы-режиссер Рача Махатаев (Санкт-Петербург) атап өткендей, спектакльде адамдар арасындағы қарым-қатынас проблемасы көтерілген.  Бүгінгінің ең басты  парыздарының бірі – өз жақыныңды өзіңдей сүйе біл деген өсиеттің орындалуы қаншалықты ықтимал? Неліктен ең жақын деген жандардың бұны сақтауы қиынға соғады? Бұндай жалпыадамзаттық жазылмаған заңның сақталуы үшін нендей жағдайдың орын алуы шарт? Бұл мүмкін бе, егер мүмкін болса, қандай бағамен?

Осындай аса бір байыпты тақырыбына қарамастан, спектакль комедиялық жанрда шешілген және әрқилы жастағы көрерменге, соның ішінде жастарға арналған.

Пьесаның тілі – жанды да осы заманғы тіл, тура мағынасында өз гаджеттерінің ішінде жүрген және 3D-шындықтың арасында өмір сүріп жатқан бүгінгі  Z  Ұрпаққа түсінікті де жақын тіл.

сатып алу

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar