«Дариға-ай» жастар театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

Рахмет Сізге!

Жанр: трагедия
Автор: К. Касенов

Пьеса қазіргі замандағы ең күрделі тақырыптардың бірі – тастанды балалар мен оларды жетім атандырған ата-аналар тағдырын маңызды мәселе етіп көтереді. Пьеса кейіпкері екі жастың мөлдір махаббаты жайлы әңгімелейді. Жасөспірім өзінің ыстық сезімін өзгертеді, әке атануға өз жанының дайын еместігін байқатады.Өйткені, жасөспірім өзінің мына өмірге беймезгіл уақытта, некесіз шақта, «бөтен терезеден түскен ай сәулесінен» жаралғанын ұғады... Тағдыр солай болып шығады...

Ол бәрібір өзіне жарық дүние сыйлаған ата-анасы мен қамқор боп өсірген адамдарға шын жүректен алғысын айтуды бір сәт ұмытпайды. Алайда, ол өзін ғұмыр бойы қинап келе жатқан сұрғылт та суық сауалдың нақты жауабын, күндіз-түні іздеумен келеді. «Мен неге осы жайға тап болдым? Не үшін? Мен неге кінәлі болуым керек?..»

Бұл пьеса бүкіл әлемдегі жасөспірімдер жандүниесін өзгертуге ықпал етсін... Олар ата-аналарымен бірге мына киелі сөзді қайталап айтсын деген ұғымды қалдырады

 

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar