«Дариға-ай» жастар театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

«Дариға - жүрек»

Авторы: Мұқағали Мақатаев
Жанр: Поэтикалық қойылым
Режиссері: Акбарәлі Айтыбаев

Мұқағали Мақатаев – соғыстың ауыр салмағын сезініп өскен ұрпақтың өкілі. Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі қан майданға аттанғанда, ол небәрі 10 жаста еді. Сондықтан да, жетімдік пен жесірліктің тауқыметін тартқан туған халқының зарын бала Мұқағали жан-дүниесімен түйсініп өсті. Ақын 1972 жылы жазылған «Дариға-жүрек» поэмасына дәл сол кезеңдегі ел өмірін арқау еткен. Шығарма ақынның бала күнінде көзімен көрген, бақылап білген, ішімен сезген оқиғаларын баяндайды.

Соғыстан жары оралмаған Дариғаның зарығып, сағынып салған әнін, күллі әлем тынып тыңдағандай болатынын жырлайды. Соғыс жылдарындағы ерінен айрылып, тағдыр тауқыметін тартқан аяулы жеңгенің бейнесін баяндайды. Соңында  ар тазалығын өмірінен жоғары қойған жеңгей құздан құлап мерт болады. Ботадай боздаған, лапылдап жанған, аққуға ән қосқан, жалған дүниеге сыймай, ақыры тыншыған Дариға-жүрек музаға айналады.

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar