«Дариға-ай» жастар театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

Тарих

«Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, Абайтанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Т.Ибрагимовтардың бастамасымен 1999 жылы қараша айының 14 жұлдызында ашылды. Сонымен қатар театрдың ірге тасын қалауға профессор Майра Омарбаева, аға оқытушы Мейрамгүл Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған Ақбаралі Айтибаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

Театр қоржынында қазақ қаламгерлерімен қоса шет ел драматургтерінің сүбелі шығармалары бар.

Театр көптеген республикалық, халықаралық фестивальдардың дипломанты, жүлдегері.

І-ші Республикалық әзіл-сықақ байқауының лауреаты. Астана 2002 ж.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Астана 2004 ж.

Республикалық О. Бөкей атындағы көркем сөз шеберлерінің лауреаты

2017 жылы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен түркітілдес халықтарының «Науруз – 2017» халықаралық фестивалінің жүлдегері.

2017 жылы Астана қаласында белгілі сыншы Әшірбек Сығайдың 70-жылдығына арналған XXV-республикалық театрлар фестивалінің Гран-при жүлдегері

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы. Тараз қ. 2010 ж.

Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінде Құман Тастанбеков атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алды. Талдықорған қ.2018 ж.

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar