«Дариға-ай» жастар театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

Аптеева Назира

Аптеева Назира Төлеубайқызы 1997 жылы облыстық қыздар гимназиясын бітіріп, М.Төлебаев атындағы Семей саз колледжінің «Сөз сөйлеу жанры» мамандығы бойынша  профессорлар Д.Тұранқұлқызы, М.С.Омарбаевалардан дәріс алды. Кәсіби шеберлігі жоғары, тіл мәдениеті бай, ізденгіш, белсенді актрисаның бірі. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады.

2001 жылы М.Төлебаев атындағы саз колледжін «Театр өнері» бөлімін қызыл дипломмен бітіріп «Дариға-ай» жастар театрына актриса болып қабылданды.

Сахнада ойнаған негізгі рольдері:

Д. Исабеков «Әпке» - Назилә;

М. Шаханов «Танакөз» - Зерегүлдің шешесі;

М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Бану;

Г. Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Эрита;

Д. Исабеков «Есепшот, домино және түйетауық» - Қаршыға;

Р. Куни «№99» - қонақүй қызметшісі;

Ш. Айтматов «Ақ кеме» - Бұғы ана;

У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Капулетти;

Р. Киплинг «Маугли» - қасқыр;

М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - коммунист;

К. Касенов «Рахмет сізге» - Бірінші қыз;

Вина Дельмар «Өкінішті өмір» - Кора;

Сонымен қатар Шәкәрім, Абай, Мұқағали, М.Шаханов поэзияларында түйдек-түйдек терең философиялық ой иірімдерін поэзия тілімен аша білді.

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar