Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры Семей қаласы

Тізім
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/
8 (7222) 56-27-23 /билет кассасы/

Төлеуханова Рыспубе Ахметқалиқызы

Төлеуханова Рыспубе Ахметқалиқызы - ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

1970 жылы М.Әуезов атындағы театрдың актерлер даярлайтын студиясын оқып бітірген. 1987 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің хор дирижері мамандығын бітірген. Мәдениет Министрлігі жолдамасымен Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрына қызметке келеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» деген төсбелгісімен марапатталды.

Рыспубе Ахметқалиқызы сомдаған рольдер:

М. Сәрсекеев “Шыңғыс хиқаясы” – Рәпіш;

Ғ. Мүсірепов “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу” – Баян, Мақпал;

Т. Ахтанов “Махаббат мұңы” – Ләззат;

Салиха, Ә.Тарази “Жақсы кісі” – Ұлжан;

М. Әуезов “Еңлік - Кебек” – Еңлік;

М. Әуезов “Айман-Шолпан” – Шолпан;

М. Әуезов“Қарагөз” – Мөржан;

С. Шаймерденов “Әнім сен едің” – Сара;

О. Бодықов “Үйленгім келмейді” – Ләйлә;

Ж. Жұмақанов “Махаббат пен мансап” – Тұрған;

Р. Сейсенбаев “Дағдарыс” – Жанар, Гүлмира;

Д. Исабеков “Әпке” – Назила;

Д. Исабеков “Кішкентай ауыл” – Ардақ;

О. Бөкеев “Өз отыңды өшірмеде” – Нұрке;

М. Әуезов “Қарақыпшақ Қобыланды” – Көклан;

Ш. Мұртаза “Домалақ-Анада” – Рух;

С. Ахмад “Келіндер көтерілісі” – Башарот;

З. Қыстаубайұлы “Арманның ақ шымылдығы” – Жұмагүл;

Е. Төлеубай “Таланған тағдыр” – Ана;

Е. Төлеубай “Біздің ауыл осындай” – Айтжамал;

Т. Ибрагимов “Жаза-Назада” – Қамқа;

Т. Ибрагимов “Жас Абай” – Ұлжан;

М. Әуезовтың “Қаракөз” – Текті құдағи;

Ғ. Мүсірепов  “Ақан сері - Ақтоқты” – Дәмелі;

Т. Жұртбаев “Құнанбай” – Қамқа;

Ш. Айтматов “Боранды бекетін” – Үкібала;

Ө. Боранбаев “Сотанайдың соңғы үйленуі” – Құралай;

Н.В. Гоголь  М.Әуезов “Ревизор” – Дуанбасының әйелі.

Сілтемеге жазылу

Сіз қойылымның сілтемесіне жазыла аласыз


071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы

Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде біз:

Әрленім және құрастыру SemStar