Ташимбетов Айтбек Тазабекұлы – театр артисі
1990 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиясының Опера және Балет театры жанындағы вокалдық-хор студиясына түсіп, хор әртісі, әнші мамандығын алып шықты. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің музыка білімі мамандығын алып шықты.
М. Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясында әнші, сері Асанның бейнесін жасап, өзінің талантты да ізденімпаз актер екенін көрсете білді.
Сонымен қатар, жоғары шеберлікпен А.Ташимбетовпен сомдалған Т.Ибрагимов пен Т. Базарбаевтың «Жас Абайда» - Майбасар, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Орынбай, «Аладдиннің сиқырлы шамында» - Сұлтан, Иран-Ғайыптың «Адасқан бақ құсында» - Дауыс, М. Әуезовтың «Айман - Шолпанында» - Маман, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарда» - Мұхит, С. Тұрғынбекұлының «Абай - Біржанда» - Майбасар, Е. Жуасбек «Ғашықтар хикаясы» - Ғани Ғазизович рольдері көрермен құрметіне бөленді.
071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы
Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14