Ноғайбаев Болат Дәретбайұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік Консерваториясының драма актері мамандығын алып шықты. Болат Ноғайбаев шығармашылық табыстары үшін және театр өнеріне өлшеусіз үлес қосқаны үшін 2005 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын иеленді, ал 2002 жылы “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл”, 2011 жылы “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” мерекелік медальдермен марапатталды.
Сомдаған рольдері:
М. Әуезов “Еңлік - Кебек” – Кебек, Кеңгірбай.
М. Әуезов “Қарақыпшақ Қобыланды” – Қобыланды.
М. Әуезов “Қарагөз” – Нарша.
М. Әуезов “Қараш-Қараш оқиғасы” – Бақытғұл.
М. Әуезов “Абай” – Керім. Оразбай.
М. Әуезов “Айман - Шолпан” - Өзбек жігіті.
Ш.Айтматов “Боранды бекет” – Едіге.
Ғ. Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян-сұлу” – Жантық.
Ғ. Мүсірепов “Ақан сері - Ақтоқты” – Хазрет.
С. Мұқанов “Мөлдір махаббат” – Бүркіт.
С. Мұқанов “Қашқар қызы” – Шоқан.
Н. Гоголь “Ревизор” – Дуанбасы.
Б. Васильев “Тұнжыраған таң шапағы” - старшина Васьков.
В. Шекспир “Асауға-тұсау” –Петруччио.
М. Ибраев “Шәкәрім” – Қарасартов.
Б. Мұқай “Сергелдең болған серілер” - Жан Исламов.
О. Бөкей “Өз отыңды өшірме” – Таған.
О. Бодықов “Жан азасы” - Мұқағали Мақатаев.
Ә.Оразбеков “Бір түп алма ағашы” – Ерғали.
С.Балғабаев “Қыз жиырмаға толғанда” – Ғайыпберген.
С.Ахмад “Келіндер көтерілісі” – Хаким.
Т.Жұртбаев “Құнанбай” – Қодар.
071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы
Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14