Тулеков Бауыржан Халықұлы – Театр директоры, ҚР Мәдениет қайраткері.
1994 жылы Абай театрының жанындағы театр студиясын бітіріп, 2013 жылы Орталық Азия Университетінің музыка мамандығын тәмәмдады.
Бауыржан Халықұлы 2000 жылы Астанада өткен «Шабыт» фестивалінің, 2002 жылы Каирде (Египет) өткен Халықаралық театр фестивалінің лауреаты атанған. Сонымен қатар талантты актер 2004 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
2012 жылдан бастап Бауыржан Халықұлы Тулеков Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының директоры болып қызмет атқарып отыр. Абай театрының шығармашылық ұжымы республика көлеміндегі фестивальдерге жиі қатысып, көрші халықтарға да шығармашылық кештермен өнер көрсетуде. Бауыржан Халықұлы заманға сай театр ұжымын алға сүйреп келеді.
Сомдаған рольдері:
М. Әуезовтің «Еңлік-Кебекте» - Жапал;
М. Әуезовтің «Айман-Шолпанда» - Жарас;
Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Қодар;
М. Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландыда» - Қобыланды;
М. Әуезовтің «Қаракөзде» - Сырым;
Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтыда» - Сердәлі;
Ш. Айтматовтың «Боранды бекетте» - Мәңгүрт;
М. Ибраевтың «Қалқаман – Мамырында» - Мамай;
Ө. Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуінде» - Сотанай;
Ө. Боранбаевтың «Аласапыранда» - Әзберген;
О. Бөкейдің «Өз отыңды өшірмеде» - Ерік;
О. Бодықовтың «Ит өлімінде» - Мар;
М. Байджиевтің «Назда» - Ескендір;
Иран Ғайыптың «Керікеткенде» - Керікеткен;
М. Сәрсекеевтің «Заңды некеде» - Құлбек;
Н. Гоголь, М. Әуезовтың «Ревизорында» - Бобчинский;
Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашында» - Әмір рольдерін сомдап, жұртшылық қошеметіне бөленген.
Көркем-басқарушы персонал:
Жуасбек Ербол Тлеуқұлұлы – көркемдік жетекші
1996 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. 2005 жылы Абай атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының драма театрының режиссері деген біліктілік беріліп, МАГИСТР академиялық дәрежесі берілді.
Сахналаған спектакльдері:
Т. Ахтанов «Күшік күйеу»;
В. Куклин «Новогодние приключения Бабы Яги»;
А. Вампилов «Әріп терушінің әбігері»;
Ш. Айтматов «Қош бол,Гүлсары»;
Б. Ұзақов «Қайсар мінезді қошақан»;
Қ. Жүнісов «Ғашықтар хикаясы»;
Ж. Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам»;
М. Әуезов «Абай»;
А. Вампилов «Жарты сағаттық жағалас»;
М. Задорнов «Жар сауда»;
Ұ. Есдәулет «Қара пима»;
Е. Хушвактов «Қызыл алма»;
Б. Жанұзаққызы «Парасатты тұлға»;
С. Қасымбек «Батыл көжектер»;
Ә. Ақтай «Ахметтің аманаты»;
Ә. Несин «Үміт үзбеңіз».
Чинкебаева Нурбагила – труппа меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері
1976 жылы Семейдің Н.Крупская атындағы педагогикалық институтын бітірген. 2004 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағын алды.
Астананың 15-жылдығына арналған «Сахнадан сәлем!» атты республикалық театр фестиваліне қатысты. Қазақстанның Аймақаралық фестиваліне Павлодар қаласына шақырылды.
2014 жылы Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының 80 жылдығында мәдени саласындағы жемісті еңбегі және кәсіби шеберлігі үшін қалалық Мәслихаттың Мақтау қағазымен және «Абай театрына 80 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Ауыл мәселесі, ауыл жастарын қолдау, ауыл мәдениетін көтеру тақырыбындағы С.Жүнісовтың “Қысылғаннан қыз болдық”, жергілікті автор М.Сәрсекенің “Заңды неке” /комедия/ спектакльдерінің, Е. Елубаев “Асар”, Л. Симонова “Қасиетті сөздер” ертегілердің режиссері.
Сценарий авторы және режиссері:
«Аладдиннің сиқырлы шамы» /ертегі/;
«Кішкентай Мукар» /ертегі/;
«Ханшайым Клеопатра және Теңіз королевасы» /ертегі/.
Турысбекова Балжан Манарбековна – режиссердің көмекшісі
2014 жылы М. Төлебаев атындағы музыка колледжін бітірген.
Джунусова Жанна Абдулхамитовна – бас суретші
2012 жылы Семей мемлекеттік педогогоикалық институтын, «Көркем өнер және сурет» мамандығы бойынша бітіріп, 2013 жылдан бері бас суретші қызметін атқарады.
Қоюшы-суретші ретінде сахналаған спектакльдері:
О. Иоселиани «Отыз ұлың болғанша»;
Жолтай Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам»;
А. Сапышев «Шарболат»;
Қ. Жүнісов «Ғашықтар хикаясы»;
А. Сапышев «Қайсар мінезді қошақан» /ертегі/;
А. Сапышев «Сөз тапқанға қолқа жоқ» /ертегі/;
Р. Фархади «Үшкір мүйізді бұзау» /ертегі/;
М. Әуезов «Абай»;
Е. Жуасбек «Үйлену»;
«Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» /ертегі/;
И. Штраус «Жарқанат»;
Ә. Ақтай «Ахметтің аманаты».
Саматова Еңлік Беркқызы – әдебиет бөлімінің меңгерушісі
2013-2017 жылдары Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті «Театртану» мамандығын тәмамдап шықты.
2014 жылы Lasha Chkhartishvili, 2016 жылы Евгений Александрович Слесардың дәрістеріне қатысып сертификат иеленді.
2017 жылы 13 қаңтардан бастап Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарады.
«Театр.kz», «Семей таңы», «Жас Алаш», «Дидар» газет, журналдарында мақалалары жарық көрді.
071405, Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы
Телефондар: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14