Премьера: 29.09.2013 ж
Құрметті оқырман! Баршаңызға бірінші қыркүйек күні білім күні мен бірге қаламызда жаңа театр маусымы басталғанын да, жарыса жазған едік. Міне енді сол жаңа маусымның жаңа қойылымдары мен жемісті жұмыстарын көрер күн де алыс емес.
Театр мен таныс көрермен болса білетін шығар, біз де біраз жылдан бері музыкалы қойылымдар жарыққа шықпай кеткен еді. Сол себепті де, музыкалы театр болғандықтан да, бұл жолғы маусымды музыкалы комедия мен бастасақ дейміз. Дайындық жұмыстарының жүруіне қарағанда сазды шығарма сәтті шығатын сияқты.
Бұл жолы бізге театр директоры Б.Х Төлековтың шақыртуы мен Астанадан арнайы Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер режиссер Нұрлан Жұманиязов келіп, драмтург Еркін Жуасбектің “Уйлену ” атты муз комедиясын сахыналамақшы. Ал музыкасын жазған белгілі сазгер Серік Әбдінұров. Аталмыш үштіктің шабытынан шыққан туында театрда актер дейтін төртінші тірегін тауып, төрт құбыласы тең тамаша қойылым болып сүйіншіге сұранып тұрғандай. Білікті маман мен талантты артистердің туындысы көрерменнің көңілінен шығады деп, сенеміз.
Енді сол “Уйлену ” комедиясы жайлы аз-маз ақпар бере кетейік. Меніңше бұл қойылымның басты ерекшелігі сахынадағы сазды да, сәнді сәттері болса керек. Және көп қойылымда көзге түсе алмай жүрген оркестр ұжымы да, бастан аяқ әртістер мен. Бірге сахына да, болады. Міне осы арқылы да, театрдың көркемдік кеңесі әр әртістің оркестр мен ән салуыдағы әлеуетін бір байқап алғысы келетін сияқты. Бұл қойылымдағы басты бейне бай баласы БӨЛЕК ал жұрттың бәрі соған қыз таңдап болады әлек. Ал тапқандары ЗЕРЕК. Және тағы да, ТЕРЕК, КӨМЕК, МЕРЕК, есімді қызықты бейнелерді көретін боласыз. Ал қай артістің қай бейнені сомдайтынын премьере кезінде нақты бағыдарламадан біле жатарсыз.Айтпақшы аяғында араға АСАБА араласып, сахынадығы тамаша үйлену тойының куәсі боласыз көрермен.Сізге қызықты болсын дәл осы жерден тіліміздің тізгінін тартып, қысқа қайырдық қалған қызықты келе көрерсіз....
Әдеби бөлім меңгерушісі Олжас Соғымбай.
071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая
Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14