КГКП «Театр имени Абая» г. Семей

Меню
8 (7222) 56-27-23 /касса/
8 (7222) 56-27-23 /касса/

ҚР мәдениет қайраткері Тулеков Бауыржан Халықұлы бастаған

Қазан айының 12-18 жұлдызы аралығында Семейдің абай атындағы қазақ музыкалы драма театры Тарбағатай ауданының ауылдары мен Зайсан ауданын аралап қайтты. Атап айтсақ Ойшілік, Құмкөл, Жәнтікей ,Көкжыра ,Екпін, Қызыл-кесік, Ақсуат ауылдары «Сотанайдың соңғы үйленуі » /водевил/, және жерлесіміз Айбек Сапышевтің «Бәйшешек іздеген қыз» атты ертегісін тамашалады.Тамаша  қойылымдары мен Тарбағатайлықтарды тамсанқан театр ұжымы Зайсан қаласында да, болып қайтты.

Алыстағы ауылдағы ағайынды театрдың тынысы мен таныстырып, көрерменді көптен бері көрмеген керемет кешке бөлеп қайтты.Ауыл тұрғындарының шынайы шығармаларды шыныменде сағынғаны көрініп тұр.Себебі қай ауылға барсақта көрермен залы толық, және әр бір көрерменнің жанарынан сахына саңылақтарына деген ыстық ықыластарын байқау қиын емес.

Осы гастрольдік сапар соңында театр артістері мен ауылдық ағайындай көптен көріспеген жақындар қимастық пен қарап   осындай игі шаралар өз жалғасын таба берсе деген тәтті үміт пен тарқасты.

Көрермендік көзқарас білдіретін болсақ, әртістеріміз әр ауылдағы қойылымдарда көрермен үшін жанын салып, бойындағы барын бере алды деп, бағалауға болады. Және ауылдағы ағайынның ашық жарқын пейілінен әртістер шалқар шабыт алып, бір серпіліп қайтты.

Әдеби бөлім меңгерушісі. Олжас Соғымбай.

Подписаться на рассылку

Вы можете подписаться на рассылку театральных представлений


071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая

Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Полезные ссылки:


Мы в социальных сетях:

Дизайн и разработка сайта SemStar