КГКП «Театр имени Абая» г. Семей

Меню
8 (7222) 56-27-23 /касса/
8 (7222) 56-27-23 /касса/

Атыраудағы Халықаралық фестиваль аяқталды

Атыраудағы Халықаралық фестиваль аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы атынан Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры қатысып қайттыФестивальде он бір театр өнер көрсетті. Бес күнге созылған бәсекеде бас жүлдені М. Әуезов атындағы қазақ Бес музыкалы драма театры қанжығаға байласа, Орал қаласының театры 1-орын, Қырғызстан елінен келген театры мен Атырау театры 2-орын, ал, Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры жүлделі 3-орынға иелік етті.

Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры сахналаған, көрнекті драматург Рахымжан Отарбайдың-«Мұстафа Шоқай» драмасы. Режиссері Қажиахмет Рахметов.Спектакль қазақ халқының өткен тарихының тарлаулы тарауларын суреттеуге, суреттеу арқылы сахналауға арналған бірегей туынды. Бұл пъессада сонау Алаш орданың алғашқы ту көтерген сәтінен бастап, біршама уақыт жалғасын тапқан ұлт- азаттық қозғалыстардың бағыт бағдарын айқындаған Алаш идеясын насихаттауға айрықша көңіл бөлді. Себебі, Алаш идеясы қазақ халқының тұтастығын, әлемдік аренадағы өз орнын табуына бірден-бір ықпал ететін ұлттық тамыры тереңдегі ұйым еді. Осы ұйымның басында тұрған,  қазақ дегенде ұрандап атқа қонатын, қайраткерлердің бірі және бірегейі , Қазақ халқының біртуар ұлы. Ұлт мүддесі үшін басын бәйгеге тіккен адал перзенті-  Мұстафа Шоқай еді.

Бұл пъесса сол ұлы тұлғаның Ұлы Тұран идеясын жүзеге асыру жолындағы қайтпас қайсарлығын, мойымас қайраткерлігін, тіпті шет ел интервенциямен арадағы қайшылықтарды, түркі әлемінің мүддесіне лайықты шешу үшін ат салысқан ардагер азамат. Қазақ халқы Мұстафа Шоқай үшін мақтанады, осындай ұл туғызған елдің мәртебесі қашан да биік. Келешек ұрпақ, халқын сүйем, ұлтын ұлықтаймын десе, әрдайым алдында тұрған Мұстафа Шоқайдай жарық жұлдызына бағыт ұстауы тиіс.  

Тұтастай шығарманы Абай театрының әртістері сәтті сомдап шықты. Атырау қаласының көрермендері ерекше ықыласпен тамашалады. Театрымыздың әртісі Әсем Байрова-«Көрермен көзайымы» номинациясын еншіледі. Шығыс пен Батысты жалғаған өнер құдіреті әртістерге шабыт силап, алдағы спектакльдерге тың серпіліс әкелді. Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры Бауыржан Төлеков Атырау қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Абай театрының ұжымы жеңіс туын желбіретіп үш күндік жолды артқа тастап, елге қуанышпен оралды.

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі-Мерей Қартов.

Подписаться на рассылку

Вы можете подписаться на рассылку театральных представлений


071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая

Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Полезные ссылки:


Мы в социальных сетях:

Дизайн и разработка сайта SemStar