«Керей хан- хан Жәнібек» спектаклі Қазақ хандығының алтын тамырын, елдік сана мен ұлттық рухтың асқағы. Ең негізгі идеясы Қазақ хандығының құрылуы, ұлттық рухтың темірқазығы етіп көрсеткен. Керей мен Жәнібек ханның ерлігі, ел үшін етікпен су кешкен есіл ерлердің батырлығы мен ақылдылығын әспеттей отырып, Қазақ елінің тарихы тереңде екенін, оңай жолмен тәуелсіздік келмегенін толық жеткізген туынды. Елдік мүдденің бастау –тұмасын аршып, тұғырын нықтаған Керей мен Жәнібектің жанкештілігі , тақ мұрагерлерінің табанды тірестері, елдік сананың оянуы ашық көрінеді.
Бас -аяғы бүтін, толық шығарма екені сөзсіз... «Керей мен Жәнібек» пьесасы бүгінгі қоғамға өте қажет туынды екені даусыз. Ел үшін еткен бабалар еңбегі, жан мен ар алдындағы жанкештілік суреттеледі. «Керей мен Жәнібек» спектаклінде ; елдің қиын- қыстау кезеңді бастан кешірген қазақ жұрты , өз ордасын тігіп Керей мен Жәнібек Шу мен Талас, Бадам мен Қозыбасы бойында құрылған Қазақ хандығының қалыптасу жолдарымен, Жәнібек ханның бөлініп шығып, табанды тарихи шешім қабылдауынан өрбиді. Туған жерге ту тігіп, Темірқазығын қадаған қазақ хандарының қайсарлығы дәріптеліп, елдік сананың бұрқ етіп қанда қайнауы көрініс береді.
Пьеса авторы драматург, ақын Айбек Тілеуханның тарихи туындыны көркем тілмен жеткізіп, оқиға шиленістерін тартымды қылып, бұғанасы бекіген, толық туынды етіп шығарғаны айқын аңғарылады. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов еңбегі ерен екенін айта кеткен жөн. Жаңа идеялар, тың шешімдер режиссердің шеберлігін айқындай түседі. Туындының пісіп жетілуіне сүбелі үлес қосып, үлкен сахналарға жол тартуына себепкер болған қос театрдың директорлары Бауыржан Төлеков пен Амангелді Бахтиннің еңбегі өте зор.
Автор мен режиссердің еңбегін ақтаған әрине әртістер. Халық әртісі Бекен Имаханов -Асан қайғы рөлін керемет сомдады. Керей ханды-Азамат Нұрғамыс, Жәнібек ханды-Думан Бәкімбаев асқан шеберлікпен, сәтті сомдады. Ханға тән салқын қандылықпен , сабырлы мінезбен, салиқалы дауыс ырғақтары да үйлесім тапты. Керей ханның Әбілхайыр Шайбанимен арадағы талас-тартысы әсерлі өрбіді. Әбілхайырды сомдаған-Бекзат Омашев спектакльдің көшін сүйреді десек артық айтқандық емес. Сұсты түрі мен қатаң дауысы көрерменді селт еткізіп, ерекше қошеметке бөленді. Әбілхайырдың жарын сомдаған Рысбүбі Төлеуханова тәжірбие мен еңбегінің арқасында мүддеден шыға білді. Хан қызы Торғын бегімді содаған-Әсел Нұрланова жас та болса шеберлігімен елді тәнті етті. Қарлыға Сыбанова-Ділмардың рөлін жоғарғы дәрежеде алып шықты. Әбілхайырдың серігі Айқұмарды-Рауан Бейсенбекұлы сәтті сомдады. Бұл басты рөльдегі актерлер, ал қосымша осы спектакльдің бұғанасы қатып, толық төрт аяғынан тең басуға ат салысқан қос театрдың әртістерінің еңбегі ерен.
қос театрдың директорлары Бауыржан Төлеков пен Амангелді Бахтин
Мерей Қартов-Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая
Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14