КГКП «Театр имени Абая» г. Семей

Меню
8 (7222) 56-27-23 /касса/
8 (7222) 56-27-23 /касса/

«Керей хан-Хан Жәнібек» спектаклі қойылды

«Керей хан-Хан Жәнібек» спектаклі қойылды

Ендігі кезекте пъессаның  төрт аяғын нық басып, қалың елге ұсыну үшін режиссердің еңбегінің ерен екенін ескерген жөн. Бұл спектакльдің аяқтан тұруына екі айдай еңбек еткен, Семейге арнайы Астанадан келген Нұрлан Жұманиязовтың орыны ерекше. Жазылған туындыға жан бітіріп, дем салатын режиссер екені даусыз. Осы тұрғыдан Нұрлан Жұманиязов сүрінбей өтті. Көп жылғы тәжірбиесімен, кәсіби режиссерлігімен, таланты мен еңбегінің арқасында театртды тағы бір белеске көтерді. Көп ешкім жүрегі даулап бара бермейтің тарихи туындыға тың шешімдер әкелді, қалың жұртқа ұялмай көрсететін туынды өмірге келді.

 Аталған спектакльді қалың жұртқа ұсынбас бұрын, қос театрдың директорлары Бауыржан Төлеков пен Амангелді Бахтин Семей қаласының зиялы қауымын алдын-ала театрға жинап, ақсақалдардың елегінен бір өткізіп,  бұғанасын бекітіп алған болатын.

 Сол сәтте сөз алған жазушы Жанболат Молдабеков: «Көруге лайық деп ойлаймын, тарихи тақырып. Бұл шығарма Керей, Жәнібек туралы болмаса көр алдын-ала таныспасақ та, кемдік үлгісі жоқ па деп ойлаймын. , Авторға оңай емес. Пікірім тарихи шығарма болғандықтан ұрпаққа мағыналы дүние болса деп ойлаймын. Қазақта аттас бастырлар мен билер өте көп,  бес-алты Бөгембай, бәленбай Барақ бар сияқты, автор  Танабай биді қосыпты, ол заманда танабай болыды ма, жоқ па деген  елде күдік болмауы керек.

Артистердің ойынына тәнті болдым. Режиссерге көп рахмет. Көп жері сәтті шыққан. Бірақ кейбір тұста дыбыс жетпей жатты, бұның техникалық тұстарын әлі де реттеу керек. Мән бермеуге болмайды. Ондай мүмкіншілік бар. Киімдерді әлі де жақсартса бола ма? Бір жақты қоңырқай қылмай, салтанатты көрінсе, ойын тіпті әсерлене түседі. Спектакльде басты рөльді ойнайтын екі әйел ғана бар. Оларды әлі де өңдесе. Ойынға көп рахмет. Еңбектеріңіз жана берсін. Спектакльді ұялмай көрерменге ұсынуға болады.»

   Тарихшы-Мұхамедқазы Мұхамадиұлы: «Хандықтың билігі болса бәрі осылай болады. Режиссерге рахмет. Сәбиді дүниеге әкеліп өсіргеніне. Оқиға ұлы даланың төсінде болған. Әділдікке жүгінген халық, бостандықты көксеген ел,  халықтың кегіне Әбілхайыр ұшырайды. Ашып-азған ел күн көрісінен айырған соң өшпенділік туды. Сіздер соны аңғарттыңыздар. Декарация ұнады. Көріністерге иланымды. Мазмұны, қойылымы жағынан ұнады. Тәнтімін. Тіл жағына сақ болу керек. Ол маған ұнады. Тілі жатық, түсінікті. Сөз соңында айтатыным бұл тек қана спектакль емес, үлкен киноға сұранып тұрған шығарма деп бағалаймын».

Тарихшы- Амантай Исин:  «Актерлер, режиссерлерге рахмет. Авторы Айбек тілі төселген журналист, дарынды драматург қой. Бүгін сіздер шақырған соң  студенттермен келіп отырммын. Бұларға да тәрбие болсын деп. Актерлердің ойыны ұнады. Керей мен Жәнібек әлі ашыла түссе. Спектакльде айғай шу көп. Қатты сөздер көп айтылады.  Біздің елімізде жазу мәдениеті ертеден қалыптасқан, спектакль барысында осыны да көрініс ретіне көрсетсе ұтымды болар ма еді деп ойлаймын.   Бұл ұлы оқиға Керей мен Жәнібектің  аталары елді билеген. Бұлар жалғастырушылар. Біртұтас елден хандық құрып, өз алдына дербестік туын желбіреткен сәт. Одан кейін тағы бір айтатын нәрсе, жынданған қыз образы қайталанған сияқты, Қарагөзде де, басқада да осы шешім, бір жолын тапса жақсы болар еді.   Спектакльдегі романтикалық сәттер жақсы шыққан. Ол кезде де махаббат, сүйіспеншілік болды ғой.  Ұлы оқиғаға лайық туынды. Құттықтаймын!».

Қоғам қайраткері, ақын, әнші-Құсмилә Нұрқасым: «Қазақ хандығының 550 жылдығына лайықты шығарма. Тарихи туынды болған соң ар жағында дүбір болмаса, ұйықтап кетесің,  мұнда  бәрі бар. Асан қайғы рөлі керемет шықты, сол заманның темірқазығы, ақылшысы сол болатын, бұл жағынан автор да, режиссер де, актер де сүрінбеді.»

 Осылай ел ағаларының батасы мен сынын алған қос театрдың ұжымы кем-кетікті қайта түзеп, тағы да қабырғасын қатайтып, бұғанасын бекітті.

«Керей хан-Хан Жәнібек» спектаклі тарихи шындыққа құрылған шығарма. Ұлттық мүдде мен рухани мұра астарындағы драма. Қазақ халқының біртұтас ұлт болып ұйып, жұрт болып жұмылып, ел болып қалыптасу кезеңін алға тартқан. Қазақ жұртының бас-басына би болып, ел ішінен бүлдіргілер ірткі салып, берекесі қашқан уақытта Керей мен Жәнібектің бас көтеріп, қол жинап, бытыраған халықтың басын қосып, бір тудың астына жинауы, елдік сана мен тәуелсіздік рухының оянуын паш етеді. Сол замандағы қабырғалы қарттардың , еңселі ерлердің, ержүрек-қыздардың патриоттық сезімінің жоғары екенін дәлелдейді. Жақсы мен жаманды, халық пен ханды, адалдық пен сатқындық арасын жіктей келе, бабалар арманы жолында күрескен есіл ерлер еңбегін айқындайды. Ел арасындағы әлеуметтік мәселелер, жер дауы , жесір дауы, таптық езгі мен құлдық сана құрығындағы бұқара халықтың күйін суреттейді.

 Керей ханды-Азамат Нұрғамыс, Жәнібек ханды-Думан Бәкімбаев асқан шеберлікпен, сәтті сомдады. Ханға тән салқын қандылықпен , сабырлы мінезбен, салиқалы дауыс ырғақтары да үйлесім тапты. Керей ханның Әбілхайыр Шайбанимен арадағы талас-тартысы әсерлі өрбіді. Әбілхайырды сомдаған-Бекзат Омашев спектакльдің көшін сүйреді десек артық айтқандық емес. Сұсты түрі мен қатаң дауысы көрерменді селт еткізіп, ерекше қошеметке бөленді. Асан Қайғыны ойнаған халық әртісі-Бекен Имаханов әр оқиғаның, шиленіс пен шытырманның ажарын аша түсті. Әбілхайырдың жарын сомдаған Рысбүбі Төлеуханова тәжірбие мен еңбегінің арқасында мүддеден шыға білді. Хан қызы Торғын бегімді содаған-Әсел Нұрланова жас та болса шеберлігімен елді тәнті етті. Қарлыға Сыбанова-Ділмардың рөлін жоғарғы дәрежеде алып шықты. Әбілхайырдың серігі Айқұмарды-Рауан Бейсенбекұлы сәтті сомдады.

Қортып айтқандағы, тартып айтқандағымыз ел руханиятына қосылған тамшыдай болсын үлесі бар тарихи туынды болды. Абай театры 81-маусымын ашты!

Мерей Қартов-Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Подписаться на рассылку

Вы можете подписаться на рассылку театральных представлений


071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая

Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Полезные ссылки:


Мы в социальных сетях:

Дизайн и разработка сайта SemStar