КГКП «Театр имени Абая» г. Семей

Меню
8 (7222) 56-27-23 /касса/
8 (7222) 56-27-23 /касса/

Абай театрында «Темірқазық» спектаклі сахналанады.

Биылғы жылдың тарихи маңызы ерекше елеулі екені даусыз.  ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жер-жерде қызу дайындық жасалып,  әр түрлі іс-шараларға қамдану басталған болатын.  Қой жылы, қазақ еліне той жылы екені белгілі. Қаншама тарихи елеулі оқиғаларға толы. Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына - 170 жыл, фашизмге қарсы соғыстағы Жеңіске - 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымызға - 20 жыл. Міне осы мерейлі мерекелердің ішінде ең бастысы Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл.

Елі үшін елеулі мерекеге Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы қазақ мемлекеттік  музыкалы драма театры мен Дариға-ай жастар театры дайындық бастады. Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл толуына орай , екі театр арнайы тапсырыспен драматург Айбек Сапышевқа «Темірқазық» пьесасын жаздыртқан болатын. Бүгінде бұғанасы қатып, буыны бекіген пьесаны сахналау үшін ҚР мәдениет сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязовты шақыртып , шығармашылық ұжыммен қызу дайындық басталып кетті. «Темірқазық» спектакльі терең тарихи туынды. Шу мен Талас, Бадам мен Қозыбасы бойында құрылған Қазақ хандығының қалыптасу жолдарымен,  қиын қыстау кезеңді бастан кешірген қазақ жұрты , өз ордасын тігіп Керей мен Жәнібек ханның бөлініп шығып, табанды тарихи шешім қабылдауынан өрбиді. Туған жерге ту тігіп, Темірқазығын қадаған қазақ хандарының қайсарлығы дәріптеліп, елдік сананың бұрқ етіп қанда қайнауы көрініс береді. Бұл спектакльдің негізгі идеясы Қазақ хандығының құрылуы, ұлттық рухтың темірқазығы етіп көрсеткен. Керей мен Жәнібек ханның ерлігі, ел үшін етікпен су кешкен есіл ерлердің батырлығы мен ақылдылығын әспеттей отырып, Қазақ елінің тарихы тереңде екенін, оңай жолмен тәуелсіздік келмегенін толық жеткізген  туынды. Елдік мүдденің бастау –тұмасын аршып , тұғырын нықтаған Керей мен Жәнібектің жанкештілігі , тақ мұрагерлерінің табанды тірестері, елдік сананың оянуы  ашық көрінеді.

Бас -аяғы бүтін, толық шығарма екені сөзсіз.. Ендігі кезекте міндет режиссер мен қос театрдың әртістеріне жүктелмек. Аталған қос ұжымның әртістері  тиісті рөльдерін алды. Елеулі мерекеге ат үсті қарамай , абыроймен дайындалу кімнің болсын азаматтық парызы.

МЕРЕЙ ҚАРТОВ-Әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 

Подписаться на рассылку

Вы можете подписаться на рассылку театральных представлений


071405, Казахстан, Восточно-Казахстанская область
г. Семей, пл. Абая

Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14


Мы в социальных сетях:

Дизайн и разработка сайта SemStar