Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына - 170 жыл, фашизмге қарсы соғыстағы Жеңіске - 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымызға - 20 жыл. Тарихи елеулі тақырыптар аясында Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры 13-17 мамыр аралығында Аягөз қаласына шығармашылық ұжыммен, "Музыкалы -поэтикалық» кеш өткізіп қайтты. Аталған шараны Аягөздің барлық мектептері тамашалады. Жас ұрпақтың санасына ұлтық рух пен өткен тарихты сіңіру алдыңғы толқын ағалар міндеті екені даусыз. Осы тұста «Музыкалы -поэтикалық» кешті жүргізген Айбек Тілеуханұлы мектеп оқушыларына тарихтаң тың деректер келтіріп, аталған тақырыптар аясында келелі ақпараттар берді. Абай театрының камералық оркестрі түрлі тақырыпта әуендер ойнады. Мектеп оқушыларына таңсық өнер, таңдай қақтырды. Камералық оркестірдің сүйемелдеуімен ҚР мәдениет қайраткері Мырзахан Сыдықов патриоттық тақырыптарда ән шырқады. Театрдың балет труппасыда әр халықтың билерінен тамаша өнер көрсетті. Көп ұлты мемлекет екенімізді дәріптеп, достық нышанын ту етті. Театр әртісі, әнші Азамат Нұрғамыс Абай Құнанбайұлы әндерінен орындап, құлақ құрышын қандырды . Динара Қабышева, Әсел Асылбекова сынды театрдың жас әртістері де аянып қалған жоқ, әсем әнмен тыңдарман қауымды баурады. Абай театры алыстан ат арытып келген соң, спектакльдерден үзінді ойналды. Күнде қалаға театр өнерпаздары келе бермейтіндіктен мектеп оқушылары табжылмай тамашалады. Жас ұрпақ шынайы өнермен сусындап, терең тәрбиемен , этикалық талғаммен бой түзесе елдің ертеңі де ерен болмағы сөзсіз.
80 жылдық тарихы бар Абай театрының шығармашылық ұжымын Аягөз қаласының көрермендері тік тұрып қошеметтеп шығарып салды. «Музыкалы -поэтикалық» кешке мұрындық болған аудан басшысына, оқу бөлімінің басшысына, мектеп директорларына Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры Бауыржан Халықұлы алғысын білдірді. Кешке қатысқан барлық мектеп оқушыларына мың алғыс. Шалғайда жатқан аудан, ауыл-аймақты аралау әлі де театр жоспарында бар.
Мерей ҚАРТОВ-Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
071405, Казахстан, область Абай
г. Семей, пл. Абая
Телефоны: 8 (7222) 56-34-68, 56-33-39, 56-16-33
Факс: 8 (7222) 56-32-14